Азық-түлікті жуу барысында гигиенаға ерекше көңіл бөлу қажет. Бактериялардың тамаққа түсу қаупін азайтып, түрлі асқазан-ішек ауруларының алдын алған жөн.
Серуендеп келген соң және тамақтану алдында қолды тиянақты жуу керек екенін бала кезімізден білеміз. Жеміс-жидекті таза жуу, ас қоймас бұрын дастарханды сүрту - кез-келген отбасында қалыптасқан әдет, алайда шикі еттерді ыдыс жуатын жерде тазаламаған жөн. Бірімізге мәлім, бірімізге беймәлім - су тамшылары арқылы ет бактериялары ас үйдің өзге де бұрыштарына шашырап, әрі қарай ыдыс-аяқ пен азық-түлік өнімдеріне тарап кетуі мүмкін.
Сатып алушылар әмбебап дүкенде шикі және дайын өнімді бір қапқа салады. Бұл, әрине, дұрыс емес. Оларды бір-біріне жақындатпаған жөн. Микроорганизмдердің жойылуына ықпал етіп, инфекциялық ауруларды жұқтырып алмау үшін ас өнімдерін тиісті температураға дейін қыздыру керек. Тез құртылатын азық-түлікті тоңазытқышқа немесе мұздатқышқа салып, қолданар алдында дұрыстап ерітіңіз.
Шикі тауықтың еті, дұрыс қайнатылмаған ет, жартылай піскен жұмыртқа, пастерленбеген сүт өнімдері мен шырындарды қолданудан аулақ болыңыз. Кей адамдарда инфекцияға ұшыраған тағамнан ауру жұқтырып алу қаупі жоғарырақ. Мәселен, жүкті әйелдер, бүлдіршіндер мен қарттар, созылмалы аурулары бар, иммундық жүйесі әлсіз адамдар қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға тырысу керек. Жүкті әйелдер мен қарттар Listeriamonocytogenes бактериясы туғызатын листериоз атты дертке шалдығуға бейімдірек келеді. Бұл бактериялар толық термиялық өңдеуден өтпеген шұжық өнімдерінде жиі кездеседі. Ең бастысы - нәрестелер мен жеткіншектер, жүкті әйелдер мен қарттардың ас мәзіріне пастерленбеген сүт өнімдерін, жартылай піскен шикі жұмыртқа, дұрыс қайнатылмаған ет, тауық еті, балық және теңіз өнімдерін қоспаңыз. Жүкті әйелдерге, қарттарға және иммундық жүйесі әлсіз адамдарға ет өнімдері мен шұжықтарды тек термиялық өңдеуден өткен жағдайда қолдануға болады.
Кез-келген адам қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы тамақтан улану, асқазан-ішек жолдарының инфекциясы және өзге ас қорыту мүшелерінің ауруларын алдын алу үшін қамдану қажет.
Алмаз Шарман, медицина ғылымдарының докторы
Мақаланы дайындаған: Гаухар Датхабаева, Сауле Нурақыш
Аударма: Амирова Дана
РОО «Национальный центр здорового питания» и ЮНИСЕФ Казахстан и завершили исследование по оценке школьного питания в школах г.Шымкент, Туркестанской и Западно-Казахстанской областей.
Перекусывать можно не только вредными снэками, но и здоровой, питательной пищей. Важно не ограничивать себя в выборе - находить способы для приготовления и приобретения качественных и низкокалорийных перекусов.
Показатели здоровья среди мужчин часто определяются путем выявления их образа жизни. В этом плане питание играет большую роль. Вполне возможно обеспечить себе долгосрочную энергичность, высокую трудоспособность и острый ум посредством управления своими пищевыми привычками.