Микроэлементтер мен дәрумендердің еш зияны жоқ деген тұжырым шындыққа жанаспайды. Оларды көп мөлшерде қабылдау қатерлі ісіктің алдын алуға және өмір жасын ұзартуға көмектеседі деген сенім халық арасында кең тараған. Дегенмен, бұл ой дәлелденбеген. Зерттеу деректеріне сәйкес, ағзадағы дәрумендердің шамадан тыс мөлшері денсаулыққа зиян келтіреді. Нәтижесінде, бауырдың жұмысы, қан құрамы нашарлап, басқа да қауіпті дерттерге ұшырау ықтималдылығы артады.
Дәрумендер мен микроэлементтер - тағамдық қоспалар екенін ескеру қажет, яғни оларды ас немесе дәрі-дәрмектің орнына қолдануға болмайды. Тағамдық қоспа дайындау барысында құрамына тек пайдалы дәрумендер ғана емес, сонымен қатар тағамдық бояғыштар, желатин және уытты заттар қосылады, сол себепті оны мөлшерден тыс қабылдамаған жөн.
Компоненттердің алуан түрі мультидәрумендік кешенде жиналады. Нарықта мультидәрумендердің сансыз нұсқаларын кездестірген боларсыз, алайда сапалы өнімді табу қиын. Бастысы - дұрыс таңдау жасай білген абзал. 50 жастан асқан адамдарға С, Е, D, B6, B12, фолий қышқылы, кальций, селен және басқа да қоспалардан тұратын полидәрумендік кешендерді қабылдаған жөн.
Төменде мультидәрумендік кешеннің құрамбөліктерінің 1 күндік қабылдау мөлшері көрсетілген:
Витамин С – күніне 500 мг;
Кальций – 1200 мг;
Витамин D – 800 - 1000 МЕ;
Витамин Е (токоферол) – 200 - 400 МЕ;
Витамин В12 – 1000 микрограмм;
Фолий қышқылы – 1000 микрограмм;
Кофермент Q – 100 мг;
Альфа-липой қышқылы (R-формасы) – 100 мг;
N-ацетил-цистеин – 250 - 500 мг.
Кей полидәрумендік кешендер глутатион, протандин секілді пайдалы бөлшектерді құрайды.
Жас әйелдер мен жүкті әйелдерге құрамында темірі бар дәрумендерді қабылдауға кеңес береміз. Қарттарға, керісінше, оны мүлдем қабылдамаған жөн, себебі темір онсыз да аспен бірге ағзаға енеді, ал оның мөлшерінің көбейгені ағзаға зиян. Гемохроматоз сияқты туа біткен дертке шалдыққан адамдар үшін темір тіптен қауіпті.
Алмаз Шарман, медицина ғылымдарының докторы
Материалды дайындаған: Гаухар Датхабаева, Сәуле Нурақыш
Аударма: Амирова Дана
РОО «Национальный центр здорового питания» и ЮНИСЕФ Казахстан и завершили исследование по оценке школьного питания в школах г.Шымкент, Туркестанской и Западно-Казахстанской областей.
Перекусывать можно не только вредными снэками, но и здоровой, питательной пищей. Важно не ограничивать себя в выборе - находить способы для приготовления и приобретения качественных и низкокалорийных перекусов.
Показатели здоровья среди мужчин часто определяются путем выявления их образа жизни. В этом плане питание играет большую роль. Вполне возможно обеспечить себе долгосрочную энергичность, высокую трудоспособность и острый ум посредством управления своими пищевыми привычками.